«Қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білемін»: Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды
«Қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білемін»: Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды (фото, видео)

Әнші Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды, деп хабарлады DimashNews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Қазақстанның халық әртісі, әнші және композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілген.

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстаған.
Димаш Құдайберген мұны қазақ пен қырғыз халқының үлкен достығының символы, қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білетінін жеткізіп, алғысын айтты.





