Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Тоқаев дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Президент үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаев медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолдану және қатыгездік таныту әрекеттері үшін жазаны қатаңдатуға қатысты депутаттар, денсаулық сақтау саласы өкілдері мен белсенді азаматтардың ұсынысын қолдап отыр.
Ал мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.
«Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады», — деп жазды Желдібай әлеуметтік желіде.
Ал Қарағанды облысында маммологиялық орталықтың медбикесі зардап шекті. Әйелімен бірге келген 42 жастағы ер адам белгісіз себеппен қызметтік бөлменің есігін бұзып кіріп, медицина қызметкерін соққыға жыққан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *