Қазақстандық спортшы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар екі медаль еншіледі, деп хабарлады Olympic.kz.
50 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев алтын жүлдегер атанды. Ол финалда франциялық Ромен Валадьеден басым түсті. Үшінші орынды грузиялық Ника Бачиашвили мен украиналық Микита Холобородько еншіледі.
Қыздар арасында 40 келі салмақта белдескен Әлима Жұмағалиева қола жүлдегер атанды. Бұл салмақ дәрежесінде венгриялық Лука Мамира алтын жүлдегер атанса, күмісті италиялық Кьяра Диспенза, қоланы франциялық Паулина Кук иеленген.