ШЫМКЕНТ КАРТАСЫНДА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТЕР ПАЙДА БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ КАРТАСЫНДА ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ПУНКТЕР ПАЙДА БОЛДЫ

Шымкент қаласының картасында төтенше жағдай кезінде жиналатын 129 эвакуациялық пункт пайда болды. Электрондық іздеу жүйесін Төтенше жағдайлар департаменті мен 2GIS қызметкерлері бірлесе отырып іске асырды.

Бұл мобильді қосымша тұрғындар мен қала қонақтары үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жақын маңдағы эвакуациялық пункттерге келу үшін пайдалы болады. Эвакуациялық жинау пункттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі және қажетті ақпарат ұсынылады.

Халықты қабылдау нүктелерін табу үшін 2GIS мобильді қосымшасына кіріп, іздеу жолына «Төтенше жағдайлар кезінде жинау пункттерін» енгізіп, ең жақын жерді таңдау керек.

2GIS офлайн режимде жұмыс істейді, сондықтан сіз интернетсіз де эвакуациялық нүктені таба аласыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *