Астанада банктегі адамдарды кепілге алған күдіктіге сот үкімі шықты
Астанада банктегі адамдарды кепілге алған күдіктіге сот үкімі шықты
Үкімді судья Әбинұр Қарабаев оқыды. Соттың шешімімен Мурадов кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Кейінірек ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болды.
«Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», — деді ІІМ өкілдері.
Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келгені хабарланды.