Сарыағашта қаза болған 5 жасар қыздың туыстары бейбіт митинг өткізді

Сарыағашта қаза болған 5 жасар қыздың туыстары бейбіт митинг өткізді

Фото: Дилара Иса / Азаттық радиосы

Автор:  


Сарыағашта қаза болған 5 жасар қыздың туыстары бейбіт митинг өткізді

 Сарыағашта кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың «бейсенбілік асы» өтті. Батадан шыққан бүлдіршіннің туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етіп, бейбіт митинг өткізді. «Әділдік сот болсын!», «Педафилдерге өлім!» деген жазуы бар плакаттарды ұстап, 20-ға жуық адам көшеге шықты.

Жиналғандармен облыс прокурорының бірінші орынбасары Д. Сыздықов, аудан әкімі А. Абдуллаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е. Бейсебаев түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Жиналғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір жарым сағаттан кейін олар үйлеріне тарқады. Қазіргі таңда ауылдағы жағдай бірқалыпты және қандайда бір қоғамдық тәртіпті бұзу болған жоқ», — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Құзырлы органдар тарапынан жағдай бақылауға алынған. Ал, Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі ауылдағы саяси ахуал тұрақты екендігін хабарлады.

Еске салсақ, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан қаза болды. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Пышақ жарақатынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілде күні жерленді.

Кейінірек қызды зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келгені мәлім болды.

Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды.

Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында болып, туыстарына көңіл айтты.

Күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *