Түркістан облысында Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны артты
Биыл Қырым геморрагиялық қызбасы аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр.
«Биыл Қырым геморрагиялық қызбасы аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр. Жаз басталысымен өңір бойынша Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған 53 науқас тіркелген. Облыс аумағы Конго-Қырым қанды қызбасының эпидемиологиялық қолайсыз және эндемиялық табиғи ошағы болғандықтан, жыл сайын медицина қызметкерлері тарапынан дер кезінде толық эпидемиологиялық анамнез жинау, диагностикалау жұмыстарының сапасыз жүргізілуі салдарынан науқастар арасында өлім жағдайлары тіркелді», – деді Нұрбек Нышанов.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, күдікті науқастар мен қарым-қатынастағыларды толық медициналық бақылауға алып, ем жүргізуді жалғастыруды тапсырды.