Тоқаев: Алға қойған мақсаттардан ауытқымау өте маңызды

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қаңтар айында болған оқиғалардан кейін мемлекет өз алдына қойған мақсаттардан ауытқумауы керектігін айтты. «Қасіретті қаңтар күндерінен кейін көптеген адамдар «бәрі кері кетеді, билік жаңғыру қарқынын бәсеңдетіп, аяғын аңдап басатын болады» деп санады. Бірақ, біз алған бетімізден қайтпаймыз. Керісінше, қоғамның барлық саласында жасалып жатқан жүйелі өзгерістердің қарқынын үдете түсеміз. Шын мәнінде, халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек», деді Прзидент өз сөзінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *