Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды: күдікті ұсталған

Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды: күдікті ұсталған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар ҚазанғаповФото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында полицейлер бес жасар қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«На молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адам 2018 жылы туған қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлады.

Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне баласы жоғалған әйел арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапқан.

«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, оқиға орнына полиция басқармасының басшылығы, аудан прокурорының орынбасары және жедел-тергеу тобы аттанды», — деп хабарлады полиция.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *