ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын “Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)” арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді. Облыстық маңызы бар Мырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда.

Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.

Мырзакент пен Атакен елдімекендерінің ара қашықтығы – 35 шқ. Мырзакент елдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар;
-Фердоуси елдімекенінде 314 үй, 2377 адам тұрады;
Жантақсай елдімекенінде 95 үй, 700 тұрғын бар;
Апатты-құтқару жұмыстарына ТО ТЖД-нің жеке құрамынан 138 адам, 8 техника (1 ГАЗ-66, УАЗ-390995);
-Шымкент қ. “ОСО” ММ 5 адам, 2 дана қайық, 1 техника;
– Шымкент қ. ТЖД-нен 2 дана вахталық автобусы, жеке құрамнан 12 маман, 4 дана МП-100 мотопомпасы, 2 үрленбелі қайық, 10 Л-1 жиынтығы (сүңгуірлер киімі);
-Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен 300 адам;
-300 орындық 6 автобус;
– 120 орындық В
вахталық 4 КаМАЗ;
– аудандық полиция бөлімінің 7 техникасы мен 70 қызметкер;
Жергілікті атқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *