Шымкентте 50 қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан қуылды
Шымкентте жолақысын қалтасына басқан 50 шақты қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан қуылған деп хабарлады bugin.kz
Шымкенттегі қоғамдық көліктерде «Төлем» жүйесінің енгізілгеніне 3 жылдан асты. Осы уақытқа дейін жүргізушілер ескертулерге қарамай жолақысын өздеріне алып отырған.
Ал көлік компания басшылары қолма-қол төлем жасағанда жолаушылар чек талап етсе, проблема өздігінен шешілетінін айтады.
«Бірнеше хат жазып тасымалдаушы компания басшыларына 50-дей көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды. Таңертеңнен валидаторлар өшірілген автобусқа 1 сағатқа мобильді топ 6 адамнан барып тексереді», — дейді «Төлем» мекемесі директорының орынбасары Ерлан Нұрланұлы.
Маманның айтуынша, 3 мыңға жуық валидатордың істен шыққан 500-ге жуығы жөнделген. Мекеме бүгінде 10 тасымалдаушы компаниямен келісімшарт негізінде жұмыс атқарып жатыр. «Төлем» жүйесін енгізуге бюджеттен бір де бір тиын жұмсалмаған, бұл — кәсіпкерлердің инвестициялық жобасы. Биылғы наурыз айынан бастап кондукторсыз жүйеге өткен қоғамдық көлікте ерікті түрде төлем жасау жолаушыға жүктелген. Қолма-қол ақша болса, чек талап ету қажет.