Бейбіт Шүменовке қатысты іске Ішкі істер министрінің орынбасары пікір білдірді
Бейбіт Шүменовке қатысты іске Ішкі істер министрінің орынбасары пікір білдірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Бұзақылық жасағаны үшін іс қозғалды. Қазір сол іспен айналысып жатырмыз. Ауырлығы төмен қылмысқа жата ма, әлде басқаша бола ма, сараптама нәтижесін күтеміз, — деді ол.
Сондай-ақ «Бейбіт Шүменов спортшы болғандықтан жазадан босатылуы мүмкін бе?» деген сұраққа да жауап берді.
Жақында ғана министр осы мәселені көтерді. Ол көптен бері бокспен айналыспайды және міндетті түрде жазаланады, — деді Қайрат Сүнтаев.
Ал істі жылы жауып қойғысы келген полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталған.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде таралған атақты боксшы Бейбіт Шүменовтің баласын көтеріп алған ер азаматты соққыға жыққан видеосы көпшіліктің талқылауына түсті. Зардап шеккен тараптың адвокаты Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін айтты.