Шымкенттік белгілі трансплантологқа қатысты жанжалға министр пікір білдірді
Шымкенттік белгілі трансплантологқа қатысты жанжалға министр пікір білдірдіАбылай Донбайдың Facebook желісіндегі суреті
«Бас дәрігерлерді тағайындау — бұл жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік мүлік туралы заң шеңберіндегі әкімдіктердің құзыреті. Еңбек шартының бұзылуына байланысты әкімдік қарайтын болады. Ол жоғары деңгейлі маман, трансплантолог болғандықтан, мұндай мамандар хирургия бөлімі және трансплантология лицензиясы бар барлық медициналық ұйымдарға қажет. Сондықтан біз осындай кадрларды қолдаймыз. Менің ойымша, ол жұмыссыз қалмайды», — деді министр.
Ол министрліктен трансплантологпен ешкім сөйлеспегенін мәлімдеді. Министр Денсаулық сақтау басқармасына қоңырау шалып, ол туралы мәселені қатаң түрде заң аясында шешуді талап етті.
«Осындай кадрлардың кетуіне жол бермеу үшін бүгінде Мәжілісте үлкен жауапкершілік жүктелетін салада қызмет ететін жоғары деңгейдегі мамандарды қолдауға арналған заң жобасы әзірленіп жатыр», — деді министр.