БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

slider image
Шымкент қаласындағы білім саласында 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қызметтер толығымен  автоматтандырылған.
 
Одан бөлек,  педагогтарды жұмысқа қабылдау «HR-Рrocess» электронды қызметтер жүйесі арқылы автоматтандырылды. Нәтижесінде, 720 бос орындар жарияланып, қабылданған 408 педагогтың 121-і үздік дипломмен, 125-і магистр, 17-і шет елдерде білім алған сапалы кадрлар іріктелді.
 
Сонымен қатар, білім ұйымдарының бірінші басшылары «Адалдық алаңы» жобасы аясында 100% кабинеттерін оқу кабинеттеріне тапсырып, ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Open Space» ашық бөлмелерге көшті.  
 
Жоғарыда аталған жобаларды автоматтандыру нәтижесінде азаматтардың өтініштерінің саны 254-ке азайды (2019 жылы — 434, 2020 жылы-180).
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *