ШЫМКЕНТ. COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫ 69 АДАМНАН ТАБЫЛҒАН

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 адам тіркелді (25.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).

Шымкентте бір тәулікте 69 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды

ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 69 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 33-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 18-і жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылғанға дейін тексерілген, 18-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

25.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 675 адам анықталды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *