ӨЗБЕКСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Өзбекстанда президенттік сайлау өтті.Оның нәтижесінде қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев басымдықпен  жеңіске жетіп, билік ету өкілеттігі тағы жеті жылға ұзартылды.

Ташкент облысы Қыбрай ауданының тұрғындары 891 сайлау учаскесінде  Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына отбасы мүшелерімен бірге белсенді түрде қатысып, өз болашағына лайықты деп тапқан кандидатқа дауыс берді.

Президенттік сайлауға Қыбрай ауданының әкімі Миразам Мирқасимов та қатысып, сайлауда дауыс берді.

Айта кетсек, бірнеше ай бұрын Өзбекстанда референдум өтіп, конституция өзгертілген болатын.

Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беру үшін 10 784 сайлау учаскесі ұйымдастырылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *