ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАННЫҢ КӨРКЕЮІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАННЫҢ КӨРКЕЮІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан аумағындағы көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық жағдайларын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстардың барысын тексерді. Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, Түркістан қаласы 32 секторға бөлінген болатын. Оларға жауапты болып облыстың барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары бекітілген. Жыл басынан бері қызу жүріп жатқан жұмыстардың басым бөлігі демеушілердің есебінен жүзеге асып жатыр.

Қала көшелері күл-қоқыстан тазартылып, ағаш отырғызылып, көгалдандыруға қажетті суғару жүйесі орнатылуда. Ұңғымалар қазылып, жол аяқтар салынып, орындық және қоқыс жәшіктері орнатылып, жолдарға шағал тас төгіп тегістеуде. Сектор жетекшілерінің күшімен көшелер жарықтандырылып, жаңа гүлзарлар пайда болды. Салауатты өмір салтын сақтануға себін тигізетін балалар алаңқайлары мен спорт алаңдары ашылуда.

Көшелерде, белгіленген учаскілерде мекемелер өз аумақтарында ағаштар, газондар, көпжылдық гүлдер мен өсімдіктерді егумен айналысып жатыр. Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға жасыл газондардың көпжылдық түрін төсеуді тапсырды. Сондай-ақ, қаланың көрнекті жерлеріндегі ғимараттардың сыртқы көрінісі, шаһардың бірыңғай келбетін сақтау керектігін ескертті. Қаланың көркеюіне үлес қосуға тұрғындардың да атсалысса болады. Алдағы уақытта үлгілі көшелер анықталып, бірнеше сайыстар өтеді.

Аймақ басшысы бастаған топ Түркістан темір жол вокзалында болды. Оның ішкі жүйесі заманауи талапқа сәйкестендіріледі. Қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті қойылады. Айта кетейік, күрделі жөндеуден өткен аллея мамыр айында пайдалануға беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *