ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА мен саяси партиялар күш біріктіріп, ел бірлігі жолында бірлесе еңбек етуді тапсырған болатын. Президент тапсырмасы аясында Түркістан өңірінде тиянақты істер атқаруға нақты қадам жасалды.
Осы орайда, бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен саяси партиялардың облыстық филиалдарының бірлескен отырысы өтті.
Возможно, это изображение 6 человек, костюм, отдел новостей, офис и текст
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары — облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев модераторлық етіп, бұл басқосудың ел бірлігін нығайтуда маңызы ерекше екенін атап өтті.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Алқалы басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, саяси партиялардың облыстық филиалдарының басшылары, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты.
Келелі кездесуде облыс әкімінің орынбасары — облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев пен саяси партиялардың облыстық филиалдары басшыларымен меморандумға қол қойылды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
– Бұл меморандум қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша тараптардың өзара ынтымақтастық іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталды. Ел тыныштығы жолында күш біріктірген жергілікті билік пен саяси ұйымдар мен қоғам белсенділерінің ынтымақтастығы қоғамның мызғымас беріктігін нығайта түседі деп сенемін, — деді Бейсен Дәулетұлы.
Возможно, это изображение 5 человек и текст «уркстан облыстык казакстан халкы ассамблеясы яси партиялардын облыстык филиалдарынын брле отырысы»
Шара барысында саяси партиялардың облыстық филиалдарының басшылары елдегі ауызбіршілікті сақтауда түзілген меморандумның маңызына тоқталып, қоғамдық жұмыстарды бірге атқаруға дайын екендіктерін жеткізді. Жиын соңында қоғамдық келісімді сақтау жолында ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *