ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚҰРҒАҚ ЕСЕПКЕ ҚҰРЫЛҒАН БАЯНДАМА КІМГЕ КЕРЕК?»

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚҰРҒАҚ ЕСЕПКЕ ҚҰРЫЛҒАН БАЯНДАМА КІМГЕ КЕРЕК?»

Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың өткізілу барысы мен саладағы өзекті мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық отырысында жан-жақты талқыланды. Ветеринария басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында құрылған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласы реформалауды қажет ететінін айта келе бұл саладағы жұмыс барысын сынға алды.

Возможно, это изображение 1 человек и текст «1 lenovo»

Возможно, это изображение карта и текст

Ветеринария саласындағы қордаланған мәселелерді ортаға салған басқарма басшысы Ғани Құрманбай оларды шешу үшін алдағы жылдарға бюджеттік бағдарламаға енгізуді ұсынды. Облыста 186 ветеринариялық бекет бар. Олардың біразы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Көктемгі кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары барысында өңірдегі 6 миллионға жуық мал басы мен 50 мың шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумағы залалсыздандырылған. Энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті дәрі дәрмектермен қамтылып, сәйкестендірілген 17 дана ДУК автокөліктері, 372 дана ранцтік аппарат, 17 дана мотопомпа және 1500-ден астам қызметкер жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілген. Іс-шараның екі кезеңінде 4 млн жуық мал басын бүрку және 100 мың ш.м жуық қора жайлар мен жапсарлас аумақты залалсыздандыру жоспарланған.

Возможно, это изображение 3 человека и текст

Возможно, это изображение 1 человек, телевизор и текст

– Ветеринарияны сапалы жаңа деңгейге көтеру керек. Құрған есепке құрылған баяндама кімге керек? Түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз. Кезінде бұл саланың маңыздылығы басым еді. Қазіргі жағдай сын көтермейді. Бізде саны бар сапасы жоқ бақылаушылар көп. Бірақ нәтиже жоқ. Статистикалық дерек пен дерекқор базасындағы мал басы санында айырмашылықтар тіркеліп, екі түрлі дерек қалыптасқан. Бұл мәселені реттеуді тапсырамын. Былтыр осы салада жаңа басқарма құру туралы өтініш айтқан еді. Сол сұраныстарды қарастыра келе басқарма құрылды. Енді мүмкіндікті пайдаланып, жұмысты күшейткен жөн. Бір жүйеге қою керек. Көрші мемлекеттер мен шетел тәжірибесін де ескеріңіздер, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Возможно, это изображение 6 человек и текст

Өткен жылдың қорытындысымен өңірде атқарылған ветеринариялық іс-шараларға талдау жүргізіліп, нәтижесі ортаға салынды. 2022 жылы өңірде 1 035,2 мың ірі қара мал басы, 4530,1 мың ұсақ мал тіркелген. Олардан 247 мың тонна ет және 767 мың тонна сүт өндірілген. Облыста жануарлар мен адамға ортақ 16 түрлі аса қауіпті ауру түрі тіркелген. Осы аурулардың алдын-алу үшін, уақытылы ветеринариялық шаралар яғни, диагностикалық зерттеу мен вакцинациялау атқарыла отырып, эпизоотиялық тұрақтылық қамтамасыз етілуі қажет.

Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст

Возможно, это изображение 4 человека и текст «BOSCH»

Талдау барысында ветеринариялық шаралар бойынша бірқатар кемшіліктер тіркелген. Вакцина егу бойынша да олқылықтар анықталған. Мәжілісте анықталған кемшіліктер сала мамандарының кей дерекқордың дұрыс жүргізбеуінен және ондағы ақпараттың жаңартылмауынан, жүктелген функцияларды дұрыс немесе уақтылы орындамауынан туындағаны айтылды.

Возможно, это изображение 4 человека и текст

Возможно, это изображение 4 человека и текст «® BOSCH»

Возможно, это изображение 6 человек

Возможно, это изображение 3 человека и текст

Возможно, это изображение 9 человек

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *