«МАҚТААРАЛ» ҚАТАРЫНАН ЕКІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«МАҚТААРАЛ» ҚАТАРЫНАН ЕКІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 12 тур ойындары өтті.
Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы сырт алаңда «Қайсармен» кездесті.
Аса тартысты бәсекеде «Мақтаарал» футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Ойынның 42-минутында Рамазан Каримов мырзашөлдіктерді алға шығарды. Алаң иелері қысымды күшейткенімен мақтааралдықтар сәтті қорғана білді. 54-минутта Абдурахманов алаңнан қуылғанымен «Мақтаарал» жеңісті есепті сақтап қана қоймай, 97-минутта екінші голды салды. Секу Думбия қарымта шабуылда есепті 2:0-ге жеткізді. Осы жеңістен кейін «Мақтаарал» 9 ұпай жинаған «Мақтаарал» 13-орынға көтерілді. Жаңа бапкер Қайрат Нұрдәулетовтің қадамы сәтті болды. Алдыңғы турда «Мақтаарал» азулы «Қайратты» 3:1 есебімен жеңген болатын.
Апта соңында бірінші лига командалары да кезекті турды өткізді. Түркістанның «Тұран» командасы Шымкентте «Академия Оңтүстік» клубын 5:0 есебімен жеңді. Қазірше «тұрандықтар» екінші орында тұр. «Арыс» «Тараздан» 1:3 есебімен жеңілсе, «Түркістан» клубы сырт алаңда «Қыраннан» 1:0 есебімен басым түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *