ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ 67 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ 67 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ 67 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экспортқа бағытталған компанияларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Turkistan Invest» фронт-офисі құрылып, инвестициялар тартумен қатар аймақтық экспортты дамытумен белсенді айналысып келеді.
Өңірлік экспорттаушылардың аймақтық кеңесінде айтылған мәліметке сүйенсек,Түркістан облысының экспорты биылғы жылдың 7 айында 413,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,2%-ға артқан. Экспорттың өсуі негізінен Өзбекстанға жеткізілім көлемінің артуымен негізделген.
Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта фронт-офис облыстағы 49 белсенді экспорттаушы компанияға қолдау көрсетуде. «Ірі экспорттаушылар — аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші. Бірақ, сол маңызды кәсіп иелерінің айналым қаражаттарының жетіспеушілігімен, логистикаға тарифтің үнемі көтеріліп тұруымен және мемлекеттік қолдау туралы хабардар болмауымен байланысты бірқатар проблемалары бар. «Бүгін біз өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқыладық. Мәселен, «Kazakh Export» АҚ көмегімен біз экспорттаушыларымызға экспорт алдындағы қаржыландыруды ұйымдастыра аламыз және импорттаушының төлем өтемеуінен сақтандырып, «КИРИ» АҚ көмегімен логистикалық шығындарды төлей аламыз», — деді Мейіржан Мырзалиев.
Жиынға қатысқан «Turkistan Invest» фронт-офисі және қаржы институттарының қызметкерлері өз тараптарынан мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз қозғап, «бір терезе» қағидасы аясында қолдау көрсету, жеңілдетілген қаржыландыру, сауда орнын іздеу және тағы да басқа мәселелерді талқыға салды.
Ең бастысы экспорттаушылар үшін барлық ақпарат қол жетімді болады. Мәселен, сауда алаңында құжаттарды рәсімдеу және тиімді сауда нүктелері туралы ақпаратты turkestanbusiness.gov.kz сайтынан таба алады. Сонымен қатар, «Turkistan Invest» фронт-офисі базасында аймақтық экспорттаушыларға жедел әрекет ету және процедуралық мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *