Қытайда тау опырылып, 19 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысында тау опырылып, 19 адам қаза тапты


Қытайдың оңтүстік-батысында тау опырылып, 19 адам қаза тапты Фото: news.cctv.com

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Сычуань провинциясының Лешань қаласындағы мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының аумағында тау опырылған.

Оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам адам жіберілді. Іздеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды.

Қазір таудың опырылу себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

photo

ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *