Түркістан облысында екі ауылды су басты: әуеден түсірілген видео

Өзекстанда су бөгеті жарылғаннан кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Су басқан ауылдардың әуеден түсірілген видеосы жарияланды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.
Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындары қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
«Жағдай бақылауда, әуеден тесеріс жүргіздік. Су одан әрі кетпесе, эвакуациялауды жалғастырудың мәні жоқ. Ал су ағыны күшейсе, онда барлық адамды, малды өзіміз шығарып, мүлікті қорғауға тырысамыз. Ол үшін жақын маңдағы Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарынан күштер жұмылды. Әр аудан жеке елді мекенмен айналысады. Барлық әкімге тізім жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және команда берілген жағдайда тұрғындарды жаппай көшіруге дайындауға тапсырма берілді. Ең бастысы — сабыр сақтау. Жағдай күрделі, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз», — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/turkstan-oblyisyinda-ek-auyildyi-su-bastyi-aueden-tusrlgen-308016/