Парламент Мәжілісінің сайлауы тура Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында өтеді.
Кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді. Бұл жолғы саяси науқан әдеттегіден өзгеше.
Енді Мәжіліс депутаттарының 70%-ы партиялық тізім арқылы, ал, қалған 30%-ы бір мандатты округтерден сайланады.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша қатысады.
Депутаттардың 50%-ы бір мандаттық жүйе арқылы, 50%-ы партиялық тізім бойынша өтеді.