ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ!!!

Мемлекет басшысы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылы 16 наурызда халыққа кезекті Жолдауын жолдады. 9 тараудан тұратын Жолдаудың мән-маңызы айрықша болып тұр. Ондағы артылған жауапкершілік бір жылмен шектелмейді, ауқымды. мазмұны да бөлек.
Жолдауда Қ.К.Тоқаев:
Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді? Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз” деген сөздерінен әр тарауда Егеменді мемлекетіміздің егемендігін нығайтатын тапсырмалар берілгенін, олардан күтілер нәтиженің үлкен екенін байқадық.
Жолдаудан әрбір азаматтың конституциялық құқығының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілетініне, мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптасатынына көз жеткізіп отырмыз! Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданып, мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Жаңа Қазақстанның осындай ел болатынына сенім мол.
Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әркім өзінен бастауы керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Құндылықтар жаңаруға тиіс.
Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс әрбір азаматтан жоғары жауапкершілікті, елге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Бәрі өз қолымызда. Сондықтан, Мемлекет басшысының жаңа Жолдауының маңыздылығына баса назар аудара отырып, қызу қолдап, баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын!
Бакиров Мардан Бахытжанович
«Шорнақ» жалпы орта меңтебінің физика пәнінің мұғалімі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *