ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЕРЛЕУДЕ
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЕРЛЕУДЕ
Облыстың талапкер жастары үшін арнайы электронды оқулық платформасы арқылы ақысыз «ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы» өтуде. Бұдан басқа, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Ақпараттық талдау орталығы» қызметкерлері, кәмелет жасқа толған волонтер жастар COVID-19 індетінің таралуына қарсы заласыздандыру жұмыстарына да атсалысуда. Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қалаларда «Біргеміз»тұжырымдамасы негізінде 7 жалпы ұлттық жоба аясында «Саулық» және «Қамқор» жобаларын жүзеге асыра отырып, COVID-19 вирусынан алдын алу мақсатында 600-дей акция ұйымдастырылды. Жалпы 4035 ерікті көмек көрсетуде.
Халық көп шоғырланатын орындарда, балалар үйіне, блок посттарда, мектеп интернат сондай-ақ жекелеген қарттар мен әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға т.б. қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндіріліп, арнайы медициналық 60 655 дана қорғаныс бетперделері сондай-ақ, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға 3282 азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын орындарында халыққа 10 000-нан астам дана ақпараттандыру парақшалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі