Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тыңдау барысында туындаған ой-пікір:
Кеше сәрсенбінің сәтті күні мемлекеттік маңызды Жолдау халыққа жолданды. Көпшіліктің көкейіндегі үмітті жандандыратындай серпін берер мәнді іс-жоспарлардың бастамасы болар үндеу құптарлықтай тамаша жарияланды. Бұл жолдаудың ерекшелігі арқалайтын жүгінің бір жылмен ғана шектелмей, ауқымы кең, мазмұныда бөлек шынайы болуында. «Халық үніне құлақ асатын үкіметті» құру ұранымен ұштасатын халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыра алатынына сендіре білді.Әсіресе, «Ұлттық құрылтай» құру жобасы, нағыз халықтық, жалпыұлттық деңгейде іске асатыны қуантады.
Маған ұстаз ретінде өте ұнағаны мемлекетте өкілетті билікке басымдық беру мәселесін қозғағаны халық өкілдері арқылы халыққа қажетті жобалар мемлекет игілігіне жұмыс жасайтынына сенімді ете алды. «Азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деп көрсеткен бір ауыз сөзі арқылы ел президентіміздің күрмеуі қиын түрлі мәселелерді шешуде жүйелі жұмыс жасаудың жобасын айқындап бергендей.
Ең маңыздысы аймақтық құрылымдар бойынша жаңа Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының құрылуы бүкіл халықтың қолдауы мен қуанышпен сүйінші дейтіндей жағымды жаңалық болды.
Әпет Құралай Амантайқызы
Түркістан облысы, Кентау қаласының №3 «Білім инновация» ер-балалар лицей-интернатының тарих пәнінің ұстазы