Мемлекет басшысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру тәсілдерін атады

 

Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру тәсілдерін атады. Қалыптасқан халықаралық жағдайда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие болып отыр. Украинадағы жағдай азық-түлік бағасының кенет қымбаттауына әкелді. Бұл бағалар жуық арада бүкіл рекордтарды бұзуы әбден ықтимал. Осының аясында егіс науқанын сапалы өткізу бірінші жоспарға шығады. Алайда, менің білуімше, фермерлердің көбі егіс науқанына дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер бұл жұмысты ерекше бақылауына алуы керек. Диқандарды қолайлы бағадағы жанармайдың қажетті көлемімін қамту қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын тұқым мен тыңайтқыштардың қауіпсіздігін қайта бір тексеру керектігін еске салды.

«Бірқатар өңірде жауын-шашынның аз болуы егін шығымына кері әсер етіп, жалпы жемшөптің тапшылығына әкелуі мүмкін екенін ұмытуға болмайды. Жалпы алғанда, фермерлер қауымдастығымен бірге агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың тәсілдерін қайта қарау керек. Азық-түліктің тапшылығы мен бақылаусыз қымбаттауын болдырмау үшін мемлекеттік тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық бағамен сатып алуды ойластыру қажет», — деді Президент.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *