Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз – Тоқаев

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Президент, Парламент және Үкіметтің қоғам алдындағы рөлі мен міндетіне қатысты жаңа қағидаттың басшылыққа алынатынын жеткізді. «Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл халық үнінен құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан, тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын», — деді Президент.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *