Балмұздақ ісіне нүкте қойылды
100-ден астам тұрғынның улануына себеп болған балмұздақ ісіне нүкте қойылды. Бүгін Шымкент қалалық Әл Фараби аудандық соты кәсіпкерге қатысты шешім шығарды.
Тиісті талаптарды сақтамаған бизнес өкілінің 1 жылға бас бостандығы шектелді. Онымен қоса судья оның 3 жылға дейін қоғамдық тамақтану бағытында кәсіпкерлікпен айналысуына шектеу қойды.
Сондай-ақ 50 мың теңгеден төмен моральдық шығын талап еткен зардап шегушілердің талабы да қанағаттандырылды.