БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің өкімімен Салдаров Сапарғали Бауыржанұлы Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды. 1988 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін сәулетші мамандығы бойынша, Аумақтық әлеуметтік-инновациялық университетін құқық саласы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Шымкентте «МиГ и К» ЖШС-де техник-жобалаушы болып бастаған. 2009 жылдан 2014 жылға дейін жеке мекемелерде сәулетші болып еңбек етті. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және лицензиялау департаментінің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарында болды.
2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия жане инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас сарапшы қызметін атқарған. 2020 жылдан бастап Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшының орынбасары міндетін атқарушы, басшының орынбасары қызметін атқарып келген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі