Шымкенттік полицейлер қан тапсырып, донор болды
Шымкенттік полицейлер қан тапсырып, донор болды
Науқасқа «асқазан ісігі» диагнозы қойылған.
Шымкенттік полицейлер қан тапсырып, донор болды, деп хабарлады ERNUR.KZ.
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасының жеке құрамы қан тапсырды.
Тәртіп сақшылары «А» есімді азаматқа қан қажет екенін естіп, оның өмірін сақтап қалу мақсатында қол ұшын беруге шешім қабылдайды.
Айта кетейік, дәрігерлер науқасқа «асқазан ісігі» диагнозын қойған. Осы мақсатта полицейлер «Қалалық қан орталығы» мекемесіне барып, арнайы медициналық тексеруден өтіп, қан тапсырды.
http://ernur.kz/shymkent/shymkenttik-politseiler-kan-tapsyryp-donor-boldy