Астанада полковник 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді
Астанада полковник 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Астанада полковник әйел зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция күдіктінің Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі екенін растады. Айтуларынша, шағымды 47 жастағы әйел, күдіктінің бұрыннан араласқан танысы жазған.
«Елорданың 47 жастағы тұрғынының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — дейді Астана қалалық полиция департаменті.
Арыз беруші әйелдің айтуынша, оқиға әскери қалашықта болған. Ол күдіктінің танысы болғандықтан үйіне өзі барыпты.

