Мектепте шу шықты: директордың орынбасары жүкті мұғалімді жиналыста ұрып-соққан

Мектепте шу шықты: директордың орынбасары жүкті мұғалімді жиналыста ұрып-соққан

Әйелдер төбелесі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жәбірленуші осы оқиғадан кейін құрсағындағы нәрестесінен айырылғанын айтты
Түркістан облысы Шардара ауданында мектеп директорының орынбасары жүкті қызметкерді әріптестерінің көзінше соққыға жыққан.
Жаға ұстатарлық оқиға Көксу ауылында болды. Мектеп мұғалімі директордың орынбасарын ұрып-соқты деп айыптады. Айтуынша, осыдан кейін ол құрсағындағы нәрестесінен айырылған, деп хабарлады    ,  Sputnik.кз.  Otyrar.kz.сілтеме жасап.
«Мен осы жерде отырдым, ол келіп, мені итеріп жіберді, мен құлап қалдым. Содан кейін шашымнан жұлып, басымнан ұра бастады. Аузына келгенін айтып, мені балағаттады. Жезөкше деп атады», — дейді Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназияның оқытушысы Сандуғаш Жақыпова.
Төбелес педагогтар ұжымының жалпы жиналысында болған. Ер мұғалімдерге әйелдерді ажыратуға тура келді. Осыдан кейін, жәбірленушінің сөзінше, директордың орынбасары оны үйімен бірге өртеп жіберемін деп қорқытқан. Басқа мұғалімдер де басшылықтан теперіш көргенін айтып отыр. Олар мектепке «блатпен» жұмысқа тұрғызатынын, ал өздері ұнатпайтын мұғалімдерді жұмыстан шығарамын деп қорқытатынын мәлімдеді.
«Ол оқу сағаттарын құруға үнемі араласатын. Бәрін өзі қалағанындай істегісі келетін. Тіпті, біздің жеке өмірімізге де араласатын. Директордың орынбасары Райгүл Мұсалиева әріптестерге өзі соққыға жыққан Сандуғашпен сөйлеспеңдер деп тапсырды. Егер сөйлессек, мұның салдары болатынын айтты», — дейді мектеп мұғалімі Бибігүл Исаева.
Директордың орынбасары жиналыста төбелес болғанын жоққа шығармады. Бірақ жүкті қызметкердің түсік тастауына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Райгүл Мұсалиеваның айтуынша, қызметкерлер оның бірбеткейлігін ұнатпайды.
«Мен үнемі біздің мектептегі заңсыз әрекеттер мен жемқорлық жайлы шындықты айтамын. Сол үшін де мені ұжым жақтырмайды», — дейді мектеп-гимназия директорының орынбасары Райгүл Мұсалиева.
Қол астындағы қызметкерін ұрғаны үшін Мұсалиева 60 мың теңге айыппұлмен құтылған. Енді 100-ге тарта мұғалім облыстық білім басқармасына шағым түсірмекші. Олар оны қызметінен босатуды талап етіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *