Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

 Марат Ахметжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Бүгінге дейін ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан президенті Марат Ахметжановты ішкі істер министрі етіп тағайындады,деп хабарлады . Sputnik.кз
«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын», — делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Ахметжанов туралы не білеміз?

Ахметжанов Марат 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Ол ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы, бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы болды.
2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары – Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жылдары –экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2021 жылдың 16 сәуірінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *