Мексикада жер сілкінісі болды: қаза тапқандардың саны артып жатыр
Мексикада жер сілкінісі болды: қаза тапқандардың саны артып жатыр
Мексика билігі 23 маусымда болған жер сілкінісінен алты адамның қаза тауып, тағы 30 адамның жарақат алғанын айтты, — деп хабарлады Evening Standard.
«Штат аумағында алты өлім расталды, төрт адам жарақат алды. 500 ғимарат пен 15 медициналық орталық, сондай-ақ, төрт археологиялық аумақ бүлінді», — деп жазады басылым.
Магнитудасы 7,4 балл болатын жер сілкінісі Мексиканың оңтүстігінде Эль Коюль қаласынан 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі — 33 шақырым.