ТҮРКІСТАН: МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖАРЫЛЫП, ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
БҮГІН ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖАРЫЛЫП, ЖҰМЫСШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Бүгін таңертең сағат 8.05 шамасында Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ошақты ауылындағы Құрманғазы шағын жинақты орта мектебінде көмірмен жылытылатын жылу қазандығы жарылып, оқиға орнында от жағушы қайтыс болды.
Қайтыс болған азамат Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Ошақты ауылы, Ж.Шамет көшесі, N21 үй тұрғыны, 07.11.1963 ж.т. Кулыншаков Муратбек Алимтайевич екені анықталды.
Оқиға орнына Сайрам полиция және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Аталған дерек бойынша тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері зардап шеккен жоқ.
Құрманғазы атындағы ЖОМ 2014 жылы қаңтар айында пайдалануға берілген. Жылыту қазандығы көмір отынымен жағылады. Мектептің сиымдылығы 150 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 156 оқушы орта білім алуда.
Мектеп қазандығы істен шығуына байланысты, мектеп директоры М.Абилованың N9 бұйрыққа сәйкес, қазандық қалпына келтіргенге дейін, қашықтықтан оқытуға жіберілді.
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев мектептің жағдайымен танысып, тиісті сала басшыларына зерделеуді тапсырып, бақылауына алған болатын.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі