Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып жатыр — Тоқаев

Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып жатыр — ТоқаевФото: Tengrinews.kz/Тұрар ҚазанғаповФото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейтінін айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев халықтың кірісін арттыру қажеттігін мәлімдеді.

«Табыс — халықтың әл-ауқатын арттырып, ертеңгі күнге сенімін нығайтатын басты фактор. Өкінішке орай, соңғы уақытта экономиканың жақсаруынан емес, әлеуметтік аударымдардың есебінен күн көріп жатқандар аз емес. Бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға төмендесе, әлеуметтік аударымдар 17 пайыздан 29 пайызға дейін өсті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, халықтың кірісі алатын жалақыға емес, бюджеттің жұмсалуына байланысты.

«Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып жатыр. Бүгінде бір миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, Үкімет орташа жалақының өсіп жатқанын хабарлады, бұл қиял», — деп қосты Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *