Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада Абайдың әніне өнер көрсетті
Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада Абайдың әніне өнер көрсетті
Васильев 85,30 ұпай жинап, жетінші орын иеленді. Қысқы ойындар аясында 10 ақпанда ерлер арасында еркін бағдарламадан жарыс өтеді.
Бейжің Олимпиадасы — Васильевтің карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол Пхенчхан-2018-да 19-орынға ие болды. Оның жаттықтырушысы — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбьель. Сондықтан Абай әні таңдалған болуы мүмкін.