САҚТЫҚТЫ ҚОРЛЫҚ ЖОҚ ! ҚАЛААРАЛЫҚ АВТОБУСТАР ҚЫСҚАЙДАЙЫН БА?
Қыс кезеңінде республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында, қалааралық автобустарында болуы мүмкін төтенше жағдайларды алдын алу туралы рейдтік шара өтті.
Шымкент қаласының ТЖ департаментінің мамандары «Айна» автобекетінде солтүстік бағытында сапарға шығатын автобустарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – автокөліктерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқа арналған жанар-жағар майды пайдалануын зерделеп, ескерту жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында ТЖ мамандары қоғамдық көлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқау берді, алғашқы өрт сөндіру құралдарын, эвакуациялық шығулар мен терезе шағуға арналған балғалардың болуын, электр сымдарының сыртқы жағдайын тексеріп, жолаушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар тапсырды.
Ағымдағы қыс мезгілінің өзінде Ақтөбе, Павлодар облыстарының аумақтарында 10-нан аса жағдайлар тіркеліп, 15-тен аса автобус жолда қалып, 600-ге жуық жолаушыға көмектер көрсетіліп, жылыту орындарына орналастырылған.
Автокөліктердің басым көпшілігі оңтүстік өңірінен шыққан, оның ішінде басым бөлігі Шымкент қаласында тіркелген жолаушылар көліктері. Ал, жолаушылардың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан Республикалары мен өзіміздің оңтүстік өңірлерінің азаматтары.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысы аумағында Шымкент қаласында тіркелген автобустың өртенуі салдарынан Өзбекстан Республикасының 52 адамы тірідей өртеніп кеткен.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті автокөліктегі өрттің алдын алу бойынша мынаны ұсынады:
— электр сымдарын және көлік құралының техникалық жағдайын дұрыс ұстау;
— жанар-жағар майды пайдалану немесе тасымалдау кезінде аса сақ болу;
— көлікте темекі шегуге тыйым салу;
— қозғалтқыш бөлігінде өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз, себебі бұл электр сымдарының қысқа тұйықталуын немесе жанып жатқан бензиннің таралуын және жану ауданының ұлғаюын тудыруы мүмкін.
Жолаушыларға арналған ескертулер:
— ұзақ жол сапарына шығар алдын міндетті түрде дауылды алдын алу ескертулерді тыңдаңыз;
— қыс мезгіліне байланысты жылы киініп, қажетті азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді, қосымша жылы жабыңыштарды алып шығыңыз.
Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы