Министр Кентаудағы жағдай туралы: Оқиғаға қатысы жоқ ескі видеоны әдейі таратқан
Министр Кентаудағы жағдай туралы: Оқиғаға қатысы жоқ ескі видеоны әдейі таратқан
Өкінішке қарай, кейбір блогерлер материалдың шынайылығына көз жеткізбей, оны өз парақшаларына салған. Осыған байланысты, жалған мәліметтерді таратқаны үшін және араздықты тұтандырғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз.
Оның айтуынша, 21 шілде күні Түркістан облысы Шорнақ ауылында осы ауылдың екі жас тұрғынының арасында тұрмыстық жанжал болған. Оған екі тараптан да жақтастары қосылған. Жергілікті учаскелік полиция қызметкерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында төбелес жедел тоқтатылып, жанжалдың бастамашылары мен қатысушылары ұсталды, тергеу басталды.
«ҚР АҚДМ жанынан құрылған Қолданбалы этносаралық қатынастар институтының директоры бастаған мамандар тобы Өңірдегі этносаралық жағдайды мониторингілеу бойынша жоспарлы жұмыстар шеңберінде Шорнақ ауылына болып, оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеді және ахуалды жан-жақты бағалады.
Әлеуметтік желілерде кеше таратылған хабарламалар мен эпизодтық жарияланымдарды ауыл тұрғындары таратпаған. Аудиторияға жалған ақпарат беру мақсатында Шорнақ ауылындағы оқиғаға қатысы жоқ ескі бейне-материалдар таратылды. Бұдан қақтығысты қасақана ушықтырып, оқиғаны өршіту ниеті анық байқалды. Өкінішке қарай, кейбір блогерлер материалдың шынайылығына көз жеткізбей, оны өз парақшаларына салған. Осыған байланысты, жалған мәліметтерді таратқаны үшін және араздықты тұтандырғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз. Мұндай фактілерге жол берілмейді және заңмен қудаланады. Әрбір блогер өз оқырманы алдында жоғары моральдық жауапкершілікті сезінуі керек. Сонымен қатар, әр сөзін бағамдап, хабарламасының аудиторияға дұрыс әсер ету деңгейін бағалағаны жөн» деп жазды министрде Facebook-тегі парақшасында.