ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН
БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур аясында Түркістан қалалық орталық ауруханасының тыныс-тіршілігі таныстырылды. Бас дәрігер Жанболат Ділдәбековтің айтуынша, жалпы аурухана бойынша барлық төсек орын саны – 340.
Аурухана компьютерлік томограф, рентген, жеке медициналық газ станциясымен жабдықталған. Ондағы палаталар 2-3 науқасқа арналған және орталықтандырылған оттегімен, таза ауыз сумен қамтылған. Науқастарға 150 білікті маман қызмет көрсетеді.
Аурухананың құрылымында 12 клиникалық бөлімше, параклиникалық бөлімшелер, клиникалық, бактериологиялық, серологиялық зертханалар, эндоскопия, УДЗ, рентген, КТ кабинеттері, дәріхана бар. Қосымша урология, оториноларингология, пульмонология, гинекология, жақ-бет хирургия бөлімшелері қызмет көрсетеді.
Түркістан облысы аумағында 140 жедел-жәрдем бригадалары жұмыс істейді. Жалпы қала мен аудандарда 22 бекет, 1 оперативті және 1 медициналық авиация бөлімі бар. Оларда 36 дәрігерлік және 104 фельдшерлік бригада қызмет атқарады. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ақайша Аманжолова мәлімдеді.
Қазіргі таңда Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 177 санитарлы автокөлік бар.
Көліктерде дер кезінде жедел медициналық көмек көрсету үшін дефибриллятор, кардиостимулятор, кардиоверсия, кардиомонитор, электрокардиограф, ИВЛ, оттегімен және электрлік, механикалық сорғыш аппараттарымен қамтылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі