Түркістан облысында трактор бөлшектерін сататын дүкен иесінен есірткі табылды

Түркістан облысында трактор бөлшектерін сататын дүкен иесінен есірткі табылды

Авторы polisia.kz

Түркістан облысында трактор бөлшектерін сататын дүкен иесінен есірткі табылды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Мақтаарал ауданында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында іс-әрекеті күдік тудырған трактор бөлшектерін сататын дүкен иесі полицейлердің назарына түсті.

Полицейлер ер азаматтан жеке басын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжаттарын тексерді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдікке ілінген азаматтан қалтасындағы заттарды көрсетуін сұрайды. Осы кезде күдіктінің шалбарының сол жақ қалтасынан сіріңке қорабына салынған және ақ түсті параққа оралған айрықша иісі бар есірткіге ұқсас зат шығады. Полицейлер алынған есірткі затын сараптамаға жолдады. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік хош иісі бар “кептірілген марихуана” болып шықты.

Салмағы 3,5 грамға жуық. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

polisia.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *