Түркістандық 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өзіне аударып алған

Түркістандық 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өзіне аударып алған

Түркістан облысының тұрғыны 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өзіне аударып алған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдікті есепшотты анықтап, оны бұғаттап үлгерген. Сонымен қатар, есепшот иесінің жеке басын анықтады.

«Күні-түні үздіксіз атқарылған іс-шаралар барысында күдіктінің Алматы қаласында жүргендігі айқындалды. Содан Шардара АПБ КПБ-нің жедел уәкілі, полиция капитаны Сәбитжан Аязханов пен полиция аға лейтенанты Бақберген Оңалбай Алматы қаласына іссапармен барып, күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді» — делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында жұмыс жасаған. Өткен жылдың қыркүйегінде аталған жұмыс орнынан босап, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз қалған оған ақша қажет болыпты. Содан 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өз шотына аударып алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 17 миллион теңгеден асады. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

https://www.inform.kz/kz/turkistandyk-40-tan-astam-mugalimnin-zhalakysyn-ozine-audaryp-algan_a3895930

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *