ТҮРКІСТАН: БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛУДА

Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Боран жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салуда. Ауа райының тосын мінез танытып, ысқырып соққан суық желінде азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.
Түркістан облысының полицейлері бірнеше жолдардың жабылғанын ескертеді. Атап айтсақ, республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының «Шақпақ баба» аралығында қар, бораннан кейін таңғы уақытқа жақын ауа райы тіптен суып кетуіне байланысты көк тайғақ болу қауіпі бар. Шолаққорған мен Шаян е.м. (Бәйдібек) арасы жол жабық (боран); Шолаққорған-Ащысай-Оранғай е.м арасы (Созақ, Сауран ауданы) жол жабық; Ақтас-Бірлік е.м. (Бәйдібек) арасы жабық; Қызылорда тас жолындағы Шорнақ ауылы мен Қызылорда арасы жабық. Аталған республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.
Осы тұста полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады. Қыс мезгілі кезінде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа райын біліп алған жөн. Сондықтан аса қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *