Коронавируспен күрес: Айжан Есмағамбетованың жалақысына қатысты мәлімет шықты

Қазақстанның бас санитар дәрігері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының еңбекақысына үстемақы қосылғанын, дегенмен өзінің жалақысы өзгермегенін айтты

 Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус пандемиясы кезінде жалақысы өспегенін айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Республика президентінің тапсырмасымен қауіп дәрежесіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына еңбекақыға 5 АЕК-тен бастап (13 890 теңгеден) үстемақы төлеу қарастырылған», — деді Есмағамбетова тікелей эфир барысында.

Ол өңірлердің санитар дәрігерлері үстемеақы алғанын айтты. Ал өзінің жалақысы өсті ме деген сұраққа:

«Менің айлығым өскен жоқ», — деп жауап берді.

Дәрігерлерге үстемеақы

Бұған дейін індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемеақы бекітілген болатын.

«Қауіптілігі аса жоғары» — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы — 850 мың теңге;

«Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;

«Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемеақы 212,5 мың теңге шамасында.

Бұдан бөлек, медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленеді. Егер қайтыс болса, 10 миллион теңге өтемақы қарастырылған.

https://sputniknews.kz/society/20200602/14141015/Koronavirus-Esmagambetova-zhalaqy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *