Түркістан облыстық Үкіметтік емес ұйым өкілдері

Құрметті ағайын!

Сындарлы сәтте тұрған Қазақстанның ендігі тағдыры біздің бірлікте әрекет етуімізге тікелей байланысты. Тыныштығымызды бұзып, Тәуелсіздігімізді тұғырынан тайдырғысы келгендердің теріс пиғылының жүзеге асуына жол бермеу басты міндет болып тұр. Мемлекет басшысы барлық қажетті шараларды қабылдау үшін мүмкіндіктің барлығын пайдалануда. Бұл әрекеттердің оңтайлы нәтиже беретініне кәміл сеніп, Президентке барлық жағынан қолдау білдіруіміз керек. Бұл – елді тығырықтан алып шығудың жалғыз жолы.

Тар жол, тайғақ кешудің талайынан аман өткен халқымыздың бұл қиындықты да еңсеріп шығарына күмән жоқ. Қыршынынан қиылған ел азаматтарының отбасыларындағы қайғының қайталануына жол бермеу үшін әлде де арандатуға ермей, Мемлекет басшысына сенім артып, ақылмен адымдауымыз керек.

Біз, халықтың парасатылығына сенеміз. Қираған ғимарат қалпына келер, шығын өтелер, ең бастысы елдігіміздің іргесін шытынатып алайық, ағайын!

Біз біргеміз, жұдырықтай жұмылып бәрін жеңіп шығамыз!

 

 

Түркістан облыстық Үкіметтік емес ұйым өкілдері:

Р.Абдуллаева

И.Намазбаева

Б.Бейсембаев

Қ.Керімбеков

Г.Ниязова

Б.Орманов

Е.Шалтан

А.Жакипова

Ә.Әбдешов

Г.Андабаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *