ТҮРІКСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ТҮРІКСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Салтанатты жиында сөз алған Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев ауыл тұрғындарын жаңа мектеп ғимаратының ашылуымен құттықтады.
Мектеп құрылысын жүргізген «A.S Invest Stroi» ЖШС-нің басшысы жаңадан ел игілігіне берілген ғимараттың символикалық кілтін мектеп ұжымына салтанатты түрде табыстады.
Білім ұясы соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған. Екі қабатты, бірнеше блоктан тұратын ғимаратта оқу сыныптары, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет, компьютерлік сынып және тағы басқа кабинеттер бар. Барынша жағдай жасалынған ғимарат оқушылар мен ұстаздарға және ата-аналар үшін нағыз шаттық пен білім мекеніне айналары сөзсіз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі