БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің өкімімен Дастан Әлтеев Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін,
Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Арыс қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде бастаған. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің заң және кадрлар жұмысы бөлімінде, 2006-2012 жылдары облыстық қаржы департаментінің бас маманы, мемлекеттік сатып алуды және бір жолғы талондар беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2012 – 2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы болған. 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан бері Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі