ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

Түркістан облысы, Келес ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» құрылғанына 10 жыл толуына арналған республикалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатының алтыншы – «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» атты тармағы аясында өткен білім сайысына Алматы, Шымкент қаласы, Жамбыл, қызылорда облыстарынан және Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан жиналған 39 топ бақ сынады.
Еліміздің білімді жастарының басын қосқан интеллектуалды сайысында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудандық мәслихат хатшысы Арын Орынбекұлы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Әшірбайұлы сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы, яғни, «Key To Life» командасы иеленсе 2 — орынды Сайрам ауданының «Эрудит» командасы еншіледі. Ал бірінші орынды Алматы қаласының «Әл-Фараби» командасы жеңіп алды. Жеңіске жеткен командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды. «Үздік ойыншы», «Үздік капитан», «Үздік жауап» номинациялары бойынша да үздіктер марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *